Batyl Bol – жеке спорттық ұйымдарды өтеу арқылы дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін аз қамтылған отбасылардан (көпбалалы отбасылар, бір ата-анасының қамқорлығымен және т.б.) 6-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған тегін әлеуметтік жоба. Бұдан басқа, жоба жеке кәсіпкерлік пен әлеуметтік әріптестіктің дене шынықтыру және спорттық нысандарын қолдау және дамытуға бағытталған. Аталмыш жоба 2018 жылдың 1 наурызында Наурызбай ауданы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен басталып жүзеге асып келеді . 2018 жылы жоба  шахмат , тоғызқұмалақ , бокс , қазақша күрес сынды  спорттың 4 түрінен  800 баланы қамтыды . 2019 жылы жобада бала саны көбейіп қосымша  спорт түрлері қосылды . Қазіргі таңда жобада спорттың 8  түрі бар. Атап өтсек қазақша күрес , еркін күрес , таэквандо , көркем гимнастика , бокс, үстел теннисі ,шахмат , тоғызқұмалақ.

Жобаның мақсаты  – балалар мен жасөспірімдерді спортқа оңалту және енгізу болып табылады. Спорт – адам өмірінің ажырамас бөлігі. Дене шынықтыру және спорт көңілділік пен оптимизмге, иммундық жүйені нығайтуға және осылайша әртүрлі аурулардан қорғауға мүмкіндік береді.

Елбасының  Жолдауында айтылған бұқаралық спорт және дене шынықтыруды дамыту мәселесі ұлт саулығын қамтамасыз етеді.

Біздің басты мақсат жасөспірім баланың бос  уақытын тиімді пайдаланып спортқа өз үлесін қосу .  Жобаға қатысу кезінде балалар тегін білім алады және 11  айлық зерттеу нәтижесі бойынша балалар өздерінің спортқа өз үлестерін қосып, өз болашағын жасай алады.

 

Қадырбек Нұғман – Батыл Бол жобасының бокстан бас бапкері, Қазақстан Республикасының Спорт шебері

Сүлейман Самад Серікболұлы – Батыл Бол жобасының шахмат ойынынан бас бапкері , Қазақстан Республикасының Спорт Шеберлігіне үміткер

Қалдыбаев Азамат Көпсекбаевич – Батыл Бол жобасының тоғызқұмалақ ойынынан бас бапкері, жоғарғы санаттағы төреші, Қазақстан Республикасының Спорт шеберлігіне үміткер

Қарабалаев Серік – Батыл Бол жобасында , үстел теннисінен бапкер .

Қияс Бауыржан – Батыл Бол жобасында қазақ күресінен бапкер  , Қазақстан Республикасының Спорт шеберлігіне үміткер

Жандабаев Нұрсұлтан –  Батыл Бол жобасында еркін күрестен бапкер . Қазақстан Республикасының Спорт шеберлігіне үміткер .

Жанатұлы Бауыржан – Батыл Бол жобасында бокстан бапкер , Қазақстан Республикасының Спорт шебері.

Қойшыбаев Салауат Серікұлы – Батыл Бол жобасында шахматтан бапкері , Қазақстан Республикасының Спорт шеберлігіне үміткер

Нығметолла – Батыл Бол жобасында тоғызқұмалақ ойынынан бапкер , 2 разряд

Сулейменова Назигуль  –  Батыл Бол жобасында көркем гимнастикадан бапкер , Қазақстан Республикасының Спорт шебері

Сүлейман Мирас Серікболұлы – Батыл Бол жобасында шахматтан бапкер , Қазақстан Республикасының Спорт шеберлігіне үміткер

adminBilGen BatylBol