ХХI ғасыр – Қазақстан үшін ғылым мен білімнің, үлкен мәдени дамудың ғасыры. Өз заманының озық ойлы, өрісі биік, мәдениетті азаматы болу үшін үнемі оқу, іздену, үйрену керек. Өзінің Жолдауында Қазақстан халқына Президент Н.Ә.Назарбаев: «Еңбек рыногында тек білімді жастар ғана бәсекеге қабілетті бола алады. Республикамызды табысты таныта отырып, біз тек өз мемлекетінде ғана емес, сонымен бірге, әлемдік қауымдастық талаптарына лайық мамандарды даярлауымыз керек» деп атап көрсетті. Сондықтан да ХХI ғасырдың жоғары білікті мамандар ретінде білімді, дағдылар мен білгірлікті игеруіміз керек.«BILGE» халықаралық ақыл-ой дамыту орталығы бастауыш сынып оқушыларына арнап «BILGEN-TalimTOP» курсын ашты.

«BILGEN-TalimTOP» курсының ашылу мақсаты: Білімі мен білігі жағынан шетелдердегі қатарластарымен бәсекеде жеңілмейтін, ұлттық діні сақталған, отаншылдық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу;
«BILGEN-TalimTOP» курсына қатысатын оқушыларға жан – жақты жағдай жасай отырып үй жұмысын орындауға және бос уақытын дұрыс, қызықты ұйымдастыруға, оқу жүктемелерін тиімді меңгеруге ықпал ету;
Озық ойлы,кең өрісті, жаңаша жол табатын, бағытын дұрыс анықтайтын мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.

«BILGEN-TalimTOP» курсы ата аналардың қалауы, сұранысы бойынша ашылады. Кез келген ата-ана баласының болашағы жарқын, білімді, интеллектісі жоғары тұлға болғанын қалайды. «BILGEN-TalimTOP» курсында оқушылар саны 8-10 адамнан артық болмауы тиіс.

«BILGEN-TalimTOP» курсының ерекшеліктері сауат ашу, қазақ тілі сауаттылығы, математикалық сауаттылық бойынша бастауыш сыныптың шебер ұстаздары жұмыс жасайды. 1,4-сынып бойынша қазақ тілі сауаттылығынан бір маман,математикалық сауаттылықтан бір маман сабақ береді. Мұғалімдер интерактивті әдіс-тәсілдерді ойын сабақтарында жүргізе отырып, балалардың бойына салт-дәстүр мен ұлттық ерекшеліктерді қалыптастырып,балалардың ерекше қабілеттерін байқап оны одан әрі дамытуға жұмыстар жасайды.

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыратын жаңа технологияларды падалана отырып, балалардың еркін жүріп, өз ойын еркін жеткізе алуына жағдай жасаймыз. Ойлау қабілеттерін арттыратын және шешімдерді тез, оңай жолмен табу үшін түрлі логикалық тапсырмалармен жұмыс жүргізіледі.Балалардың білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып, әр ай сайын орталықта өтетін жарыстарға дайындаймыз. Одан оза шыққан даралар аудандық, қалалық, Республика көлемінде сайысып, дараланған шәкірттерді халықаралық сайыстарға қатыстыруды жоспарлап отырмыз. Аталған сайыстар оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырып, дүниетанымын кеңейтеді.

«BILGEN-TalimTOP» курсының ұстаздары болашақта шетел мемлекеттеріне барып, тәжірибе алмасып, білім алып келеді.

«BILGEN-TalimTOP» курсының оқушыларына шетелдегі замандастарымен онлайн сабақ конференциялар арқылы байланыс орнатамыз.

adminBilGen TalimTOP