Жаңа жоба! Айқын мақсат! Таптырмас мүмкіндік!

BILGE халықаралық ақыл-ойды дамыту орталығы назарларыңызға цифрлық жүйенің негіздерінің бірі – Bilgen Robotics жобасын ұсынады.

Роботтытехника – механика, электроника, микропроцессорлық техника, информатика, телемеханика білім салаларына негізделген ғылым. Заманауи, сапалы, әмбебап электрмеханикалық жүйелердің құрылысын зерттейді. Сонымен қатар бұл техникалық тың сала – информатика, математика, физика, геометрия сынды пәндерді бір арнада тоғыстырады.Сондықтан балаға күрделі түйілетін техникалық пәндерді жеңіл игеруге ықпал жасайды.

Bilgen Robotics-тің мақсаты:

  • Цифрлы дәуірдің үздік, бәсекеге қабілетті, білікті мамандарын тағайындау;
  • Әлемдік нарықта өз жобаларын ұсынып, жүзеге асыра білетін дарынды кадрлар дайындау.

Bilgen Robotics үйірмесінің нәтижесінде:

  • Оқушының алгоритімдік, математикалық, логикалық ойлау қабілеттері жетіледі;
  • Техникалық ақпаратпен және инженерлік біліммен қаруланады;
  • Өз ойын нақты әрі дұрыс жеткізуге дағдыланады;
  • Зерделеу, зерттеушілік біліктерін дамытады.

Bilgen Robotics оқушыға қандай мүмкіндіктер береді:

  • Оқуды тәмамдаған соң, мамандық таңдау арқылы болашағын бағдарлауға мүмкіндік туғызады;
  • Республикалық олимпиада жеңімпазы атанса, шетел оқу орындарында да грант жеңіп алуына жол ашады;
  • Жоғары санаттағы компанияларға жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

Bilgen Robotics-тің артықшылықтары:

  • Роботтытехника негіздерінен бастап, роботтың жұмыс жасау принциптерін, ақпаратты беру тілін меңгертіп, бағдарламалады үйретеді;
  • Ardunio платасы негізінде теориялық біліммен қоса, практикалық сабақтар өткізіледі;
  • Республикалық олимпиадада өз өнерін ортаға салуға мүмкіндік береді;
  • Республикалық олимпиада жеңімпаздары жас ерекшеліктеріне қарай марапатталады. Жоғарғы сынып оқушысы ілемнің үздік ЖОО-на түсу мүмкіндігіне ие болады. Ал кіші топтағы оқушылар бағалы сыйлықтарға кенеледі.

Жас ұрпақтың жаңаша ой толғауына, дүниетанымының қалыптасуына, білік негіздерін меңгеруіне бүгін қадам жасаңыз! Біз болашақтың жарқын көшбасшыларын асыға күтеміз! Заман талабына сай болыңыз!

adminBilGen Robotics