«BILGEN OYSANA» интеллектуалды курсы мектеп жасындағы балаларға (5-16 жас аралығы) қосымша курс есебінде ұсынылады.

Курстың өзектілігі: «BILGEN OYSANA» интеллектуалды бағдарламасы менталды арифметиканың халықаралық стандартын басшылыққа ала отырып жасалып, балалардың есте сақтау, логикалық ойлау, өз бетінше және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытады. Сабақта оқушылардың даралық қабілеттеріне қарай тапсырмалар ұсынылады. Оқушылар өз бетінше шығармашылық тапсырмалар орындауға, оны талдауға, алған білімін өмірде қолдануға бейімделеді. Математикалық ребустар, логикалық есептер, сөзжұмбақтар, сиқырлы шаршылар, санамақтар, судоку, екі қолмен синхронды сурет салу және т.б. баланың ойын ұштай түсіп, еңбектене білуге, тапқырлыққа баулиды. Тоғызқұмалақ ойынының есептерін шығара отырып, оқушыға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру, ақыл-ойын шыңдау, ми қызметін дамыту және қоғам алдындағы жауапкершілікті арттыруға септігін тигізеді. Бұл ойын ең жетілген спорт түрлерінің бірі ретінде адамзатты жаңа шыңдарға жетелейтін ойы кең, рухы биік, саналы тұлғаларды тәрбиелеудің қуатты құралы бола алады.

Бағдарламаның мақсаты: Қазіргі жаһандық дамуда бәсекеге қабілетті, білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеуде инновациялық методикаларды пайдалана отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, мидың екі жарты шарын теңестіру арқылы шығармашылық әлеуетін дамыту, ұжыммен жұмыла жұмыс жасау белсенділігін арттыру. Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту. Өз білімін жетілдіруге, еліміздің өркендеуіне үлес қосар ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Бағдарламаның міндеті: Интеллектуалдық белсенділіктерін, сыни көзқарастарын, ақыл-ойларын, ерік-жігерлерін дамыту. Алған білімдерін түсіне білуге, өмірде қолдана алуға, бастысы командамен жұмыс істей алуға үйрету.

«BILGEN OYSANA» интеллектуальный  курс  предназначен в качестве дополнительного курса для детей школьного возраста (5-16 лет).

          Актуальность курса: Интеллектуальная программа «BILGEN OYSANA» основана на международном стандарте ментальной арифметики. В этом курсе развивается мелкая моторика, зрительная память и быстрота реакции, воображение, фантазия, интуиция, навыки самостоятельной и командной работы. Этот курс позволяет активизировать оба полушария головного мозга, при этом формируя устойчивые связи между ними. Считается, что это помогает мозгу развиваться более гармонично. Как известно, левое полушарие отвечает у нас за логику, а правое – за образное мышление. Соответственно это методика, при которой сначала задействуются обе руки (а значит, оба полушария мозга), а потом ещё и воображение, развивает не только логику и способность к математическим вычислениям, но и умение мыслить творчески, нетривиально. Развивая синхронно оба полушария мозга, ребёнок становится более внимательным и уверенным в себе, легче запоминает любой материал, что пригодится ему в учёбе по всем предметам. Да и в жизни тоже. На этом курсе у детей есть возможность не только считать, но и двигаться, рисовать, отгадывать ребусы и головоломки, логические задачи. Ведь если ребёнку тяжело или неинтересно, толку от занятий не будет. Кроме того этот курс содержит задачи на игру тогызкумалак. Тогызкумалак – это логическая и духовная игра, способная соперничать с самыми интеллектуальными играми в мире. Главное достоинство этой игры заключается в особом развитии человеческого мышления, это один из источников систематизированного развития личности, умственного прогресса и деятельности мозга.

          Цель программы: Развитие творческого потенциала путем использование инновационных методов в воспитании компетентного, знающего, хорошо образованного и конкурентоспособного поколения в современном глобальном мире. Развитие духовных, морально человеческих и моральных ценностей будущих поколений. Воспитание поколения, способствующего развитию нашей страны и ее образованию.

          Задачи программы: Развитие интеллектуальной деятельности, критического мышления, интеллекта и сила воли. Уметь понимать полученные знания и применять их в жизни, и особенно научить работать в  команде.

«BILGEN OYSANA» intellectual course is intended as an additional course for school-age children (5-16 ages).

The urgency of the course: The intellectual program “BILGEN OYSANA” is based on the international standard of mental arithmetic and develops visual memory and quick reaction, imagination, intuition, skills of independent and teamwork. This course allows activating both hemispheres of the brain, while forming a stable relationship between them. The right hemisphere controls your body’s left side, and vice versa. When you use the left or logical side, you are being analytical, attentive, objective and rational. This is the part you use to process language, facts, science, math and strategies. The right side, however, is driven by feelings, beliefs, imagination and subjective thinking. It is creative, impulsive, intuitive, and thoughtful and processes visuals and multi-tasks. Accordingly, this is a technique in which both hands (and, hence, both hemispheres of the brain) are first involved, and then also the imagination, develops not only logic and the ability to perform mathematical calculations, but also the ability to think creatively, nontrivially. Developing synchronously both hemispheres of the brain, the child becomes more attentive and self-confident, easier to remember any material that is useful in studies in all subjects. In this course, children have the opportunity not only to count, but also to move, draw, guess puzzles and logical tasks. After all, if the course for child is hard or uninteresting, there will be no sense from the lessons. In addition, this course contains tasks for the game togyzkumalak. Togyzkumalak is a logical and spiritual game capable of competing with the most intellectual games in the world, the main advantage of this game lies in the special development of human thinking, it is one of the sources of systematized personality development, mental progress and brain activity.

          Purpose of the program: Development of creative potential through the use of innovative methods in the education of a competent, knowledgeable, well-educated and competitive generation in the modern global world. Develop of spiritual, moral, human values in the future generations. Educate a generation that contributes to the development of our country and its education.

          Tasks of the program: The development of intellectual activity, critical thinking, intellect and willpower. Be able to understand the acquired knowledge and apply it in life, and especially to teach how to work with a team.

adminBilGen OySana