Мектеп оқушылары арасында  халықаралық «BILGEN-DARA BOL» Ұлттық шығармашылық байқауын «ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫ» (ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы шеңберінде) тақырыбымен өткізу

ЕРЕЖЕСІ


  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
  2. Оқушылар арасында өткізілетін Халықаралық  «BILGEN-DARA BOL» шығармашылық байқауы (бұдан әрі – Байқау) «Түркітілдес журналистер қоры» Қоғамдық қоры мен «Bilgen» ұлттық авторлық методика және бағалау» орталығы тарапынан ортақ серіктестік негізінде «Serpin»  білім және инновация ұлттық палатасының» қолдауымен, Қазақстандағы және шет елдердегі мектеп оқушыларының шығармашылық қарымын күшейту және оларды ынталандыру мақсатында өтеді.
  3. Байқаудың міндеттері:

Мектеп жасындағы балалардың шығармашылық қабілетін шыңдау, ой-пікірін жатық жеткізуге баулу, журналистика саласына бейімі бар балалардың кәсіби біліктілігін көтеру;

Оқушыларды ынталандыру;

  1. Байқаудың негізгі тақырыбы, сыйлықтарды тағайындау және дипломдар мен бағалы сыйлықтарды тапсыру Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен сабақтастырылады.
  2. Байқау жеңімпаздарын анықтау және бағалы сыйлықтарды тағайындау Ұйымдастыру комиссиясы бекіткен Қазылар алқасына жүктеледі.
  3. Қазылар алқасының құрамына танымал журналистер, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіре алады.
  4. Қазылар алқасы жеңіске талпынған қатысушыларды іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады:

  * материалдардың объективтілігі;

  * кәсіби шеберлігі;

  * таңдалған тақырыптың көтерілуі және оны жан-жақты ашып көрсету;

  * материалдар туғызған қоғамдық резонанс пен түйткілдерді шешу жолдары;

  * жұмыстардың шығармашылық толымдығы;

 

  1. Байқауды өткізуді үйлестіру.

Байқауды өткізу жұмыстарын үйлестіру  “Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті  және «Bilgen» ұлттық авторлық методика және бағалау» орталығы бекітетін Байқаудың Ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүктеледі.

  1. Ашықтық.

Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер, қызығушылық танытушы тұлғалардың барлығына танысу үшін ұсынылады. Ереже БАҚ-та жарияланады.

 

  1. Байқауға қатысу шарттары

 

  1. Байқауға қатысушылар.

Байқауға жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың дарынды балаларға арналған мамандырылған білім ұйымдарының 2-11 сынып оқушылары (1, 2, 3, 4-кезеңдерде өз білімін дәлелдеп, барлық кезеңге жолдама алған оқушылар) қатысады. Материалдар қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде қабылданады.

 

  1. Байқауға қатысу ақылы, ерікті түрде демеушілердің және ата-аналардың жарнасының негізінде өткізіледі.

Байқауға қатысу ақысы – 20 000 теңге.

Төлем жасау жолдары (Kaspi.kz, Казпочта, Qiwi, Kassa24) арқылы болады. Төлем жасалғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде жеке кабинет толық ашылады.

  • Каспий банк бойынша Kaspi.kz қосымшасы арқылы (Төлемдер бөлімінде, білім сілтемесіне кіріп, ондағы мектеп бөлімінде Bilgen Academy сөзін жазып, оқушының жеке мәліметтерін енгізіп, төлем жүргізе береді) және Каспий банк бөлімшелері арқылы төлем жасауға болады.
  • Казпочта арқылы төлем жүргізу шарты: жергілікті мекен жай бойынша Казпочта бөлімшесіне барып, 10230 төлем коды арқылы Bilgen Academy порталына оқушы мәліметін енгізіп, төлем жасай береді.
  • Kassa24 төлем төлеу терминалдары бойынша: Төлемдер бөлімінде Bilgen Academy платформасына кіріп, сол жерден оқушының жеке мағлұматтарын енгізіп төлем жасай береді.
    • Qiwi төлем төлеу терминалдары бойынша: Төлемдер бөлімінде Bilgen Academy платформасына кіріп оқушының жеке деректемелерін енгізу арқылы төлем жасай береді.

Алынған қаражатты Ұйымдастыру комитеті іссапар шығындарына, төрелік (Әділқазылар алқасы) жұмыстарына, аймақтарда Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін Ұйымдастыру комитеті – сертификаттарды және дипломдар дайындауға, сыйлықтарды алуға, тапсырмаларды әзірлеуге, тексеруге, сервердің жұмысына және Байқауды ұйымдастыруға қатыстытағы басқа қажеттіліктерге жұмсайды.

  1. Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:

Байқауға ұсынылатын материалдар Ұйымдастыру комитеті тарапынан бекітілген тақырыпқа сәйкес болуы шарт.

Ұсынылатын тақырып:

«Түркі әлемінің танымал тұлғалары» («Ұлы даланың жеті қыры», ҚР Президенті Н.Назарбаев).

 

  1. Қатысу шарты:

А) Қатысушылар http://bilgen.academy порталына тіркеліп, Байқауға қатысу ақысын төлегеннен кейін ғана материалын жүктеуге және жеке кабинетті пайдалануға мүмкіндік алады. Ұсынатын материалын жеке кабинетіне жүктегеннен кейін Ұйымдастыру комитетінің тексеруінен өтеді және Қазылар алқасы тарапынан бағаланады. Үміткер көрсеткен нәтижеге байланысты шешім де жеке кабинетте қабылданады: шешуші кезеңге өткен қатысушыға сертификат тапсырылады. Өтпеген қатысушыға белсенділігі үшін “Алғыс хат беріледі”. Оны «Сертификат» деген бөлімнен көре алады.

  1. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны.

Байқаудың қатысушы ұсынатын материалдардың саны 1 жұмыстан аспауы міндетті.

 

  1. Жұмыстар байқаудың Ұйымдастыру комитетіне хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей ұсынылады. Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар Байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді. Ұйымдастыру комитеті қатысушы ұсынған материалдың не себепті Байқауға қабылданбағанын түсіндіруге міндетті емес.

 

  1. Байқаудың өту кезеңі

 

  1. Қатысушылар Байқауға ұсынатын материалын 2019 жылдың 25 маусымына дейін жолдауы шарт.
  2. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі

  3. Жас ерекшеліктеріне қарай (2-11 сынып оқушылары) Байқау жеңімпаздары келесі шарт бойынша анықталады: ең жоғары ұпай жинаған қатысушылар:

 

Бас жүлде – «БІЛГЕ» (5 жеңімпаз);

1-орын – «КЕМЕҢГЕР” (10 жеңімпаз);

2-орын –  «БІЛІМДІ» (15 жеңімпаз);

3-орын «АҚЫЛДЫ» (20 жеңімпаз) деген мәртебеге ие болады.


  1. Қатысушылардың барлығына «BILGEN-DARA BOL»  байқауына қатысқанын растайтын қағаз табысталады. Жеңімпаздарға  «Түркітілдес журналистер қоры» Қоғамдық қоры мен «Bilgen» ұлттық авторлық методика және бағалау” орталығы   атынан сертификаттар беріледі.

  2. Жалпы білім беретін мектептердегі 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11-сынып оқушыларының жеңімпаздарына (Бас жүлде)  арнайы стипендия тағайындалады.

  3. Қатысушы тарапынан туындаған сұрақтар бойынша қайта қарау (апелляция) жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін қатысушы қолында нақты дәлелді ақпарат болуы міндетті.

  4. Аппеляция 3-4 күннің ішінде түскен өтінімдердің санына қарай және Ұйымдастыру комитеті бекіткен кестеге сәйкес өткізіледі.

  5. Ережеде өзгерістер болуы мүмкін, өзгерістер сол шыққан күннен бастап күшіне енеді.

  6. Байқаудың әр кезеңі бойынша Әділқазылар алқасы Байқаудағы жас ерекшелігіне қарай құрылған топтардан үздік ондықты анықтайды (жалпы саны – 50 оқушы).

 

  1. Байқау аяқталғаннан кейін 1, 2, 3-кезеңдер бойынша 5 күннің ішінде Байқау қорытындысы бірінші балалардың жеке кабинетінде http://bilgen.academy жарияланып, жалпы есептік қорытынды «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ ресми сайты www.ttjk.kz  және «BILGE» орталығының ресми сайтында  www.bilge.kz жарияланады.

 

  1. Халықаралық деңгейдегі 5-кезең жеңімпаздары Марапаттау салтанаты өтетін күні Қазылар алқасы мен үздік ондыққа ілінген қатысушылар тарапынан анықталады. Үздіктер қатарында болса да, Марапаттау салтанатына қатыспаса, жеңімпаз орынға үміткердің еңбегі бағаланбайды. «BILGEN-DARA BOL» байқауының республикалық 4-кезеңіне өткен 100 қатысушы Байқаудың халықаралық деңгейіне қатысуға мүмкіндік алады. Әр топтан Үздік ондық құрамына енген қатысушылар Байқауға ұсынған мақаласын PowerPoint арқылы презентация түрінде дайындап әкеліп, Қазылар алқасының алдында қорғауы шарт. Үздік ондық материалдарының 70 пайыз бөлігін арнайы құрылған Қазылар алқасы бағаласа, қалған 30 пайызын Үздік ондық құрамындағы үміткерлер бағалайды. Тізімдегі үміткер өзінің жұмысын бағалауға қақы жоқ.

 

  1. Жеңімпаздарды марапаттау.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Ұйымдастыру комитеті бекіткен күні Алматы қаласында өтеді.

 

  1. Байқау материалдарын бағалау және іріктеу процедурасы

 

  1. Байқау материалдарын бағалау барысында келесі шарттар назарға алынады: белгіленген тақырыпқа сәйкестік; жаңашылдық; мәселені талдаудың тереңдігі; нақтылық пен логикалық негізделуі; мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы; авторлық тұжырымдаманың дербестігі; жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы; журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі; сыртқы безендірілуі.

 

  1. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары мен міндеттері

 

  1. Ұйымдастыру комитеті:

 

Байқау туралы осы Ереженің талаптарына сәйкесіздіктерді негізге ала отырып,

үміткерді Байқауға қабылдамауға;

Қандай да бір үміткерге қатысты Әділқазылар алқасының мүшелері өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталған жағдайда Байқау қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы.

 

  1. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:

 

А) Барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;

Ә) Байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;

Б) Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.

 

  1. Әділқазылар алқасының құқықтары мен міндеттері

 

  1. Әділқазылар алқасы мыналарды іске асыруға құқылы:

 

Байқауға түскен материалдарға баға беру;

Жеңімпаздарға сыйлықтар тағайындай отырып, байқауды қорытындылау.

 

  1. Әділқазылар алқасының міндеттері:

 

Барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;

Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.

 

  1. Қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

 

  1. Байқауға қатысушылар мыналарды іске асыруға құқылы:

А) Байқаудың өту шарттары мен тәртібі туралы ақпараттар алу;

Ә) Ұйымдастыру комитетінен осы Ереженің тармақтарына түсіндіруді сұрау;

Б) Байқауға қатысу үшін материалдар жолдау.

 

  1. Байқауға қатысушылардың міндеттері:

А) Байқаудың мән-жайымен алдын-ала танысу және Байқауға қатысу үшін қойылатын талаптарды орындау;

Ә) Осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген материалдарды уақытылы ұсыну;

Б) Осы Ережеде қарастырылған талаптар мен процедураларды сақтау.

 

  1. Байқауға қатысушылар келесілер үшін жауапты:

А) Материалдар мен түйіндемеде көрсетілген ақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін;

Ә) Осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен процедураларды сақтамағаны үшін.

Б) Ұсынылған материалдыңдың плагиат болмауына, өзінің ұсынған материалдарының қатысушының еңбегі екендігін растауға.

 

  1. Медиа ресурстар

 

Байқауға ақпараттық қолдау жасауды  ақпараттық серіктестіктер қамтамасыз етеді.

 

  1. Ұйымдастыру комитеті туралы байланыс ақпараты:

 

Байқаудың Ұйымдастыру комитеті: Алматы қаласы, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ, Алматы қаласы, Жароков 39А, офис 401. Байланыс телефоны: 87054778956, 87786916331

Алматы қаласы, «Bilgen» ұлттық авторлық методика және бағалау” орталығы. Алматы қаласы, Байзакова 125, нжп 3,10этаж. Байланыс: center@bilge.kz, darabol@bilge.kz.

adminBilGen Dara Bol