«Bilgen Alaman»

«Bilgen Alaman» олимпиадасы 5-11 сыныптар аралығында оқушылардың белгілі бір пәндер (қазақ тілі, қазақ әдебиеті, математика, физика, химия, биология, ағылшын тілі, тарих, география) бойынша дарындылығын анықтау мақсатында өткізіледі.  9-сынып пен 11-сынып оқушыларына грант ұтып алу мүмкіндіктері қарастырылған. 

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

  • «BilGen» ұлттық олимпиадаларының басты мақсаты оқушылардың арасында білімді, білікті, дарынды оқушыларды анықтау, олардың білім шыңына ұмтылысын ынталандыру, қолдау білдіру, ұстаз бен ата-ана мәртебесін көтеру. Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту мен еліміздің өркендеуіне үлес қосар ұрпақтың білімін жетілдірудегі сұранысын қанағаттандыру.
  • Олимпиаданың міндеттері:
  • Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау және ғылыми ізденіске құлшыныстарын арттыру;
  • Ойлау мен талдау жасау қабілетін арттыру;
  • Оқушыларды жеке жұмыс жасауға үйрету;
  • Қатысушылардың өз білім деңгейі мен қабілетін альтернативті түрде бағалауға мүмкіншілік;
  • Қазақстан Республикасында білімнің беделін көтеру.

 

ОЛИМПИАДАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ:

– Шараны әр облыста Олимпиада ұйымдастыру комитетінің жұмыс тобы атқарады;

– 5-11 сыныптар бойынша 5 кезеңнен тұрады: 1 кезең  мектепішілік, 2 кезең аудандық, 3 кезең қалалық\облыстық, 4 кезең республикалық; 5 кезең халықаралық.

– Олимпиада жазбаша түрде ұйымдастырылады;

– Қатысушы мен ұйымдастырушы арасында жазбаша келісімшарт болады.

  БАЙҚАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

– Байқауға ерікті түрде қатысуға ниет білдіру;

– Әр қатысушы Bilgen Academy порталына І кезеңнен бастап тіркелуі шарт. Порталға тіркелген әр қатысушының барлық кезеңдер бойынша нәтижелері жеке кабинеттерінде көрсетіледі;

– Олимпиаданың  ережесімен  толық танысу;

– Олимпиадаға қатысуы туралы  сұраныс жіберу;

– Ұйымдастырушы мен оқушы ата-анасы арасында келісімшарттың жасалуы;

– Әрбір қатысушы байқауға қатысу жарнасын төлеуі қажет.

– 2018-2019 оқу жылында 1,2 кезеңдерге тегін қатысуға мадақтама алған оқушылар олимпиадаға мадақтамалары (штрих код болуы шарт) арқылы тегін қатыса алады.

Ескерту! Жоғалтып алған жағдайда, мадақтама күші жойылып, ақылы қатысады.

«BILGEN ALAMAN»

5-11 сыныптар үшін

·        Мектепішілік – 1000 теңге
·        Аудандық – 2000 теңге
·        Қалалық\облыстық – 3000 теңге
·        Республикалық олимпиада жарнасы – 10 000 теңге
·        Халықаралық олимпиада жарнасы –  20 000 теңге

«BILGEN ALAMAN» ПӘНДІК ОЛИМПИАДАЛАРЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ:

  • «Bilgen Alaman» олимпиадасы жыл сайын  5-11 сыныптар аралығында оқушылардың белгілі бір пәндер бойынша дарындылығын анықтау мақсатында өткізіледі.

 

  • Қазақ тілі 5-11 сыныптар
  • Қазақ әдебиеті 5-11 сыныптар
  • Ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті 5-11 сыныптар
  • Ағылшын тілі 5-11 сыныптар
  • Қазақстан тарихы 5-11 сыныптар
  • Дүниежүзі тарихы 5-11 сыныптар
  • Математика 5-11 сыныптар
  • Физика 5-11 сыныптар
  • Химия 5-11 сыныптар
  • Биология 5-11 сыныптар
  • География 5-11 сыныптар

«BILGEN ALAMAN»  олимпиадаларының әр кезеңі    1 турдан  тұрады. Қазақ тілден басқа пәндер үш тілде (қазақ, орыс,ағылшын) беріледі.

  • Егер, қатысушы келесі кезеңге өтсе, өткендігін дәлелдейтін ДИПЛОМ беріледі;
  • Өтпеген жағдайда, қатысқандығын растайтын AWARD табысталады.
  • Олимпиадаға 10 оқушыдан дайындаған ұстазына Ұйымдастыру комитеті атынан ДИПЛОМ табыстайды.
  • Олимпиаданың алғашқы кезеңі қатысушы санына байланысты аудан орталығында (ауданнан қатысушылар саны 200 оқушыдан асқан жағдайда) немесе өз мектептерінде өткізіледі (ауданнан қатысушылар саны 200 оқушыға жетпеген жағдайда).
    • Олимпиаданы өткізу ұзақтығы:
  • 1 кезеңді өткізу ұзақтығы – қыркүйек-наурыз
  • 2 кезеңді өткізу ұзақтығы – қараша-наурыз
  • 3 кезеңді өткізу ұзақтығы – ақпан-сәуір
  • 4 кезеңді өткізу – мамыр

БАРЛЫҚ ПӘНДЕР БОЙЫНША: 5-11 СЫНЫПТАР

 

  І КЕЗЕҢ

мектепішілік

ІІ КЕЗЕҢ

аудандық

ІІІ КЕЗЕҢ

қалалық /облыстық олимпиада

Барлық ПӘНІ БОЙЫНША мектепішілік олимпиада  бойынша оқушыларға  25 тапсырмадан тұратын тест жұмысы беріледі. Орындауға 40 минут уақыт. Олимпиада тапсырмалары мына бағытта: І тоқсан және өткен оқу жылындағы тақырыптар бойынша. Екінші кезең қатысушылары – бірінші кезенен өткен оқушылар.

Олимпиада тапсырмалары               5 тапсырмадан бақылау түрінде мектеп бағдарламасынан құрылған. Орындауға 40 минут беріледі.

 

 Үшінші кезеңге екінші кезеңнен өткен оқушылар қатыса алады. 5 тапсырмадан өзіндік жұмыс беріледі. Орындауға  60 минут уақыт беріледі.

 

 

ІV КЕЗЕҢ республикалық
«BILGEN BAIGE» олимпиадасының төртінші  кезеңі – Республикалық олимпиада. Республикалық олимпиада мамыр  айында өтеді. Республикалық кезеңге қалалық/облыстық  сайыстардан келесі кезеңге өткендігін растайтын ДИПЛОМ иегерлері қатыса алады. Ұйымдастыру комитеті тарапынан Республикалық олимпиада туралы қалалық/облыстық  сайыстардан келесі кезеңге өткендігін растайтын ДИПЛОМ иегерлері қосымша ақпараттандырылатын болады.

1.     Олимпиада  логикалық  тапсырмалар негізінде тест алынады. Орындауға 90 минут беріледі;

2.     Әр сынып тапсырмалары 25 сұрақтан құрастырылған бір немесе бірнеше жауапты сұрақтар болады. Ескерту: математика, тарих пәндерінде тек 1 жауапты

3.     Барлық қатысушыларға олимпиада қатысушысы ретінде СЕРТИФИКАТ табысталады.

  Ескерту: Бір немесе бірнеше жауабы бар тапсырмаларды белгілеу барысында:

– 1 жауапты сұраққа 2 немесе одан да көп жауапты белгілесе есепке алынбайды;

–  2 жауапты сұраққа қатысушы 3 жауап белгілесе жауабы жойылады;

– 3 жауапты сұраққа қатысушы 4 жауап белігілеп өткізген жағдайда, есепке алынбайды.

– 3 дұрыс жауаптың 3 жауабын да дұрыс белгілесе толық ұпайын алады;

– 3 дұрыс жауаптың 3 жауабын бояп, 2 жауабы дұрыс болған жағдайда есепке 2 жауаптың ұпайы алынады;

V КЕЗЕҢ халықаралық (математика, физика, химия, биология)
«BILGEN ALAMAN» олимпиадасы бесінші кезеңі – Халықаралық олимпиада.  Халықаралық олимпиадаға төртінші кезеңнің БАС ЖҮЛДЕ мен  І орын иегерлері, сонымен қатар республикалық кезеңнің алғашқы елулік (50) қатарына кірген оқушылар қатыса алады. Олимпиада тапсырмалары бақылау түрінде болады және оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектеп бағдарламасынан тыс тапсырмалар да болады. Орындауға 150 минут беріледі;

 ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ АРНАЙЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ:

  • Олимпиаданың басталуына дейін 1 (бір) аптадан кешіктірмей ресми сайтта өзгерістер туралы хабарлай отырып, олимпиаданың кезеңі мен шарттарын өзгертуге;
  • Олимпиаданың бағдарламасына қосымша өзгерістер енгізіп, ресми сайтта өзгерістер туралы алдын-ала 1 (бір) апта бұрын хабарлауға;
  • Олимпиаданың ережелерін бұзғаны үшін қатысушылардың жұмысын жарамсыз деп табуға құқылы.

 ЖҰМЫСТАРДЫ БАҒАЛАУ, ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРДІ МАРАПАТТАУ:

Бағалау:

  • Жұмыстарды бағалауға І кезең бойынша Bilge Tech жауапты.
  • ІV кезең бойынша Bilge Tech нәтижелерін анықтайды.
  • Әр пән бойынша бағалау белгілі критерийге сай жүргізіледі;
  • Оқушылардың келесі кезеңге өткен не өтпегендігі тізімделіп, орталыққа жіберіледі;
  • Әр қатысушыны аймақ басшылары кезең бойынша қатысушылардың келесі кезеңге өткен не өтпегендігін хабардар етіп отырады.
  • Олимпиаданың қорытынды нәтижелері шара өткізілген күннен соң 7 (жеті) жұмыс күнінің ішінде шығады.
  • 1,2,3 кезең бойынша келесі кезеңге өткендігін дәлелдейтін ДИПЛОМ, өтпеген жағдайда қатысқандығын растайтын AWARD беріледі.
  • Республикалық кезең Қазақстан бойынша:
  • БАС ЖҮЛДЕ – БІЛГЕ (1) (әр сынып пен әр пән бойынша)
  • І орын – КЕМЕҢГЕР (1) (әр сынып пен әр пән бойынша)
  • ІІ орын – БІЛІМДІ (1) (әр сынып пен әр пән бойынша)
  • ІІІ орын – АҚЫЛДЫ (1) (әр сынып пен әр пән бойынша)
    • Республикалық олимпиаданың 1-11 сыныптары бойынша әр пәннен БАС ЖҮЛДЕ жеңімпаздарына Ұйымдастыру комитеті тарапынан қарастырылған 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде бір реттік шәкіртақы тағайындалады.
    • Республикалық кезеңнің 1-4 сыныптар бойынша жеңімпаздарды пән бойынша дайындаған ұстазына 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде сертификат, ДИПЛОМ табысталады.
    • 5-11 сыныптар бойынша бас жүлде иегерлерін пән бойынша дайындаған ұстаздарына ДИПЛОМ беріледі.
    • І, ІІ, ІІІ орын иеленген жеңімпаздарға арнайы медаль мен сыйлықтар беріледі.
    • БАС ЖҮЛДЕ иегерінің ата-анасының атына АЛҒЫС ХАТ беріледі.
    • Қатысушы жеңімпаз мектептер «BAIGE», «ALAMAN» кубогымен марапатталады.

Мектептердің рейтингін аймақ бойынша анықтау

  • «BilGen Alaman» пәндік олимпиадаларына 5-11 сыныптар арасындағы қатысушы саны бойынша;
  • І кезеңнен ІІ кезеңге жолдамалар санының көптігі бойынша;
  • ІІ кезеңнен ІІІ кезеңге жолдамалар саны бойынша;
  • ІІІ кезеңнен IV кезеңге жолдамалар саны бойынша;
  • Халықаралық деңгейге өткен алғашқы елулік қатарына кірген оқушыларының саны бойынша;
  • Бас жүлде иеленушілердің саны бойынша;
  • Жүлделі 1,2,3 орын иеленушілер саны бойынша;
  • 9-сыныптар арасындағы жүлдегерлер саны бойынша;
  • 11-сыныптар арасындағы жоғарғы оқу орындарына грант иеленген оқушылар саны бойынша;
  • Курсқа қатысушылар мен жеңімпаздар көрсеткіші бойынша;

Бас жүлде – Білге

І орын – Кемеңгерлер мектебі

ІІ орын – Білімділер мектебі

ІІІ орын – Ақылдылар мектебі   атты ДИПЛОМ мен КУБОКтар беріледі.

  • Мектеп директорына АЛҒЫС ХАТ табысталады.
  • Рейтинг бойынша алғашқы елулік қатарына енген мектептер қарасты білім бөлімінің басшыларына ДИПЛОМ беріледі.

ЕСКЕРТУ. ҚАЙТА ҚАРАУ (АПЕЛЛЯЦИЯ)

  • Олимпиаданың Республикалық кезеңінде айта қарау (апелляция) жұмыстары жүргізіледі. Облыстарда қосымша эксперт (сарапшы) топ құрылып, жұмыс жүргізіледі.
  • Бастауыш сыныптар бойынша – республикалық кезеңде ғана қайта қарау (апелляция) жұмыстары жүргізіледі;
  • 5-11 сыныптар бойынша – республикалық және халықаралық кезеңде ғана қайта қарау (апелляция) жұмыстары жүргізіледі;
  • қатысушының қолындағы нақты дәлелді  ақпараты қаралады;
  • сарапшы топ тарапынан олимпиада сұрақтарын саралап, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
  • қайта қарау (апелляция) жұмыстары нәтиже шыққан күннен бастап, 1-4 сыныптар үшін apeal@bilge.kz арнайы почтасы, 5-11 сыныптар үшін  Alaman.apeal@bilge.kz почтасы арқылы тек электронды түрде өтініш қабылданады.
  • қайта қарау (апелляция) ұзақтығы – 3 күн. 3 күннен кейін жұмыстар жинақталып, архивке өткізіледі.

ҚОСЫМША

Төлем қабылдау жүйесі жайында:

Әр қатысушы Bilgen Academy порталына І кезеңнен бастап тіркелуі шарт.  Қатысатын балалар осы порталға тіркелу арқылы ғана төлемақы төлей алады. Қатысушы құқығын төлемақы төленген соң ғана иеленеді.

Тіркелу реті:

  1. Bilgen Academy сайтына кіру;
  2. Білге туралы ашылған парақшаның оң жақ бұрышындағы Кіру сөзіне батырманы басасыз;
  3. Өз логин немесе электронды мекен-жайыңыз бен құпия сөзіңізді (пароль) тересіз;
  4. «Сіз біздің сайтта бірінші рет бе?» сұрағының төменгі жағындағы тіркелгіні жасау сөзін басу арқылы кабинетке кіресіз;
  5. Осы қадамнан соңғы ашылған беттегі оқушы жөніндегі ақпаратты толық толтыру қажет;
  • ЖСН
  • Email
  • Құпия сөз
  • Аты
  • Тегі
  • Туған күні
  • Жынысы
  • Елі
  • Аймақ
  • Локализация
  • Мектебі
  • Сыныбы
  • Сынып жетекшісі
  • Байланыс нөмірі
  1. Сақтау батырмасын басу қажет.

Тіркеліп болған соң келесі жолы логин мен құпия сөзіңіз арқылы кіре бересіз. Төлем жасалған күннен кейін 2 тәуліктен соң портал ашылады. www.bilgen.academy порталында тіркелген қатысушылар қатысу жарнасын арнайы өңірлік Казпошта, КаспиБанк, kaspi.kz, Qiwi терминалы, kassa24 терминалы, mastercard, visa card  арқылы онлайн төлем жүйелері арқылы қабылдайды.

Казпошта арқылы төлем жасау үшін:

* Bilgen Academy     * төлем коды: 10230

Каспи Банк арқылы төлем жасау үшін:

* Bilgen Academy немесе Bilgen Group      * төлем коды: 170840024376

kaspi.kz арқылы төлем жасау үшін:

* Төлемдер  * Білім  * Мектеп  * Мектеп атауына Bilgen сөзін теріп, жалғастыруды басасыз

Пайда болған парақшаға мәліметтерді толтырасыз:

  • Сынып
  • Оқушының аты-жөні
  • Төлем төлеушінің аты-жөні
  • Қосымша ақпарат
  • Төлем кезеңіне ақшаның сомасы көрсеткіш дәрежесіне жеткенше ақша саласыз.
  • Растау батырмасымен төлем аяқталады.

 

 

 

 

adminBilGen Alaman