BILGE TARAZ

Ел ертеңі бүгіннен басталатынын терең түсінген дана халқымыз ежелден «Бала – өмір жалғасы» деп біліп, бала тәрбиесіне ерекше  көңіл бөлген. Егеменді еліміздің тірегі – білімді, тәрбиелі ұрпақ. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасын дамытатын,бүкіл әлемге Қазақстанды паш ететін  бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан BILGE халықаралық ақыл ойды дамыту орталығының филиалдары жергілікті аймақтарда ашылуы құптарлық іс.  Ең бірінші жұмыс бастаған аймақтың бірі – Тараз қаласы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы болатын. Нақтырақ айтсақ, BILGE TARAZ 2017 жылдың қараша айынан бастап өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда Тараз қаласы мен Жамбыл ауданы бойынша 8 аудан қамтылып отыр. Алдағы таңда Қордай және Т. Рысқұлов аудандарында филиал ашу жоспарланып отыр.

Орталықтың мақсаты – білімді, ақылды, кемеңгер ұрпақ тәрбиелеу.


Балтабаев Мадияр Болатбекұлы.

«Bilge Taraz» орталығының директоры

Балтабаев Мадияр Болатбекұлы

Мамандығы – фельдшер.

Өмірлік мақсатым – əрбір қазақ баласының білімді болуына теңізге қосқан тамшыдай болса да өз үлесімді қосу,”-дейді Мадияр Болатбекұлы.


Динара Отыншиева Абдильбековна

“Bilge Taraz” орталығының директоры 2017ж.

Жайшыбекова Лаура Ілесқызы

BilGen OySana жобасының менеджері. Менталды арифметика – абстрактілі ойлау, есте сақтау, тез әрі дұрыс шешім қабылдай білу қабілеттерін шыңдап, зейінділікті арттырады.

Сәт Мақсат Сәбенұлы

BilGen Robotics  жобасының менеджері. Bilgen Robotics – баланың шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. Осы жобаның аясында бағдарламалау тілін меңгеру арқылы робот құрастырудың негіздерін үйренеді.

 Мекенжайымыз:

Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі, 16 үй.

Байланыс телефондарымыз: 

87478871173

87001901608

adminBilge Taraz