Bilge Ontustik Аймағы

Bilge Ontustik филиалы 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс жасап келеді.

Қазіргі таңда облыс бойынша 14 ауданда қызу жұмыс жүргізілуде. Атап айтсақ: Шымкент , Сайрам , Төле би , Ордабасы , Арыс ,Бәйдібек, Түлкібас, Созақ, Шардара, Мақтарал, Сарыағаш, Қазығұрт, Түркістан, Кентау.

Облыс бойынша Bilgen OySana әлеуметтік жобасы жүргізіліп жатқан жалпы мектептер саны – 918.

Бала саны – 4845.

Білге бала «Ол  қандай?»

  • есте сақтау қабілеті өте жоғары; ол ақпаратты біліп қана қоймай, оны өз мүддесіне жарата алады;
  • оқыту жүйесін жіті түсініп, сабақ үлгерімін арттыра алады.
  • ойлау қабілеті жетілген, жылдам; жоспарын тез әрі тиімді жүзеге асыра алады;
  • саралау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған; оқуда немесе пробламаларды реттеуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;
  • күрделіліктен қашпайды; ой ұшқырлығын шыңдау үшін күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады.

Біздің орталықтың ұстанымдары:

  1. Баланың бойындағы қызығушылығын арттырып, үнемі алға жылжуға жағдай жасау. Ой-санасын жетілдіру;
  2. Танымдық қасиеті мен есте сақтау қабілеті жоғары индивид қалыптастыру;
  3. Өз бетінше іздене білетін, ұшқыр ойлы тұлға қалыптастыру;
  4. Мотивациялық компонентін яғни танымдық және зерттеу белсенділігін арттыру.
adminBilge Ontustik Аймағы