Қызылорда қаласындағы BILGE филиалының ашылуы

Құрметті Қызылорда қаласының тұрғындары!

Bilge ақыл-ойды дамыту орталығының Қызылорда облысындағы филиалы 2016 жылдан бастап жұмыс жүргізе бастады. Қазіргі таңда облыс бойынша 7 ауданда қызу жұмыс жүргізілуде. Атап айтсақ: Жаңақорған, Шиелі, Жалағаш, Сырдария, Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарында.

Облыс бойынша Bilgen OySana әлеуметтік жобасы бойынша алғаш жұмыс жүргізілген аймақ болып табылады. Орталық ұсынылған Bilgen OySana ,Bilgen TalimTop,Bilgen TanymTop, Bilgen Robotics, BilGenHub, BilGen Darabol курстарымен бірге BilGen Alaman, BilGen Baigе пәндік олимпиадалары да өткізілуде. Қазіргі таңда облыс бойынша 200-ден астам мектеп, 8000-ға жуық оқушы қамтылған.

Орталық мақсаты : Баланың бойындағы қызығушылығын арттырып, үнемі алға жылжуға жағдай жасау. Ой-санасын жетілдіру;
Танымдық қасиеті мен есте сақтау қабілеті жоғары тұлға қалыптастыру;
Коммандалық жұмысқа үйрету;
Өз бойындағы қасиеттерін пайдалана отырып, жетістікке жету.


Қараева Айгерім

“Bilge Qyzylorda” орталығының директоры

Қараева Айгерим Мырзалықызы

Қызылорда қаласының тумасы. Болашақ университетінің түлегі. Мамандығы: буxгалтер.

Өмірлік ұстанымы: Қай істеде өзіме сенімді болу, бастаған істі аяғына дейін жеткізу.

Өмірлік мақсаты: Болашақ ұрпақты білімді жəне қайсарлы етіп тəрбиелеу.


Жансая Абдрасуловна

"Bilge Qyzylorda" орталығының директоры 04.10.2017-01.11.2018ж.

adminBilge Kyzylorda