Bilge Atyrau

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясаты бойынша « Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл – ой азаттығымыздың алдаспаны» дегенін негізге ала отырып, заманы мен қаламы дамыған жаңғыру дәуірінде білім сапасы көркейе түсуде. Қазан айының 1- ші жұлдызында BilgeAtyrau – халықаралық ақыл-ой дамыту орталығы ашылды.

Атқарылған жұмыстар:

Облыс бойынша 138 мектеп және 167 мұғалімді оқыту қамтылды. Қазіргі таңда 700-ден аса оқушы, білім алуда. Қазақстан – 2050 Жалпыұлттық қозғалыс ұйымының ұйымдастыруымен қазанның 16-шы жұлдызында, № 30 мектеп гимназиясында “Зияткер ұрпақ” атты іс шарасында «BilgeAtyrau» оқу орталығының директоры «Мақсатқа жетудің технологиясы: Ақылды, Білімді, Кемеңгер» атты тақырыпта мастер класс өткізілді.Тәуелсіздігіміздің 26 – жылдығына орай Елбасымыздың « Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Байзар СОСО» орталығында флешмоб ұйымдастырылды. Флешмоб өткізудегі негізгі мақсаты –  тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы үшің оқушылардың білімді, ізденімпаз, белсенді, жаңашыл болу керектігін дәлелдеу. Орталығымызға қосымша курстар Bilgen TalimTop, Bilgen Robotics ашылды.


Айзада Гинаятова Саматкызы

“Bilge Atyrau” орталығының директоры

Ғинаятова Айзада Саматқызы

Əл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Мамандығы: Стандарттау сертификаттау жəне метрология.

Өмірлік ұстанымы: Өмірде əрдайым жақсыға талпыну, өмірді, өзіңді, айналаңдағыларды жақсылауға тырысу, басқаларға үлгі болардай адам болуға тырысу. Себебі, артта қалған жақсы істерің, басқаларды жақсылыққа шақырғаның деп білемін.


Қозыке Сатыбалды Амантайұлы

«Bilge Atyrau» аймағының директоры 2016-2017 ж.

Тәжіғалиева Мөлдір Серікқалиқызы

BilgeAtyrau аймағының офис менеджері

adminBilge Atyrau