Bilge ақыл-ойды дамыту орталығының Ақтөбе облысындағы филиалы 2017 жылдың 27 қарашасынан бастап жұмыс жүргізе бастады.

Бүгінгі таңда Bilgen OySana әлеуметтік жобасы аясында  40-қа жуық мектепте жұмыс жүргізіліп,  1200 оқушы білім алуда.

Сонымен қатар Ақтөбе қаласы, Алға, Мәртөк, Темір, Хромтау аудандарында да жоғарыда аталған жоба бойынша жұмыс жүргізілуде.

Біздің орталықтың ұстанымдары:

  • Баланың бойындағы қызығушылығын арттырып, үнемі алға жылжуға жағдай жасау. Ой-санасын жетілдіру;
  • Танымдық қасиеті мен есте сақтау қабілеті жоғары индивид қалыптастыру;
  • Өз бетінше іздене білетін, ұшқыр ойлы тұлға қалыптастыру;
  • Мотивациялық компонентін яғни танымдық және зерттеу белсенділігін арттыру.

Білге бала «Ол  қандай?»

  • есте сақтау қабілеті өте жоғары; ол ақпаратты біліп қана қоймай, оны өз мүддесіне жарата алады;
  • оқыту жүйесін жіті түсініп, сабақ үлгерімін арттыра алады.
  • ойлау қабілеті жетілген, жылдам; жоспарын тез әрі тиімді жүзеге асыра алады;
  • саралау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған; оқуда немесе пробламаларды реттеуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;
  • күрделіліктен қашпайды; ой ұшқырлығын шыңдау үшін күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады.

Сәуле Нұрбаева Серікқызы

“BIlge Aqtobe” орталығының директоры 

Нурбаева Сауле Сериковна

Қайнар университетінің түлегі.

Өмірлік ұстанымы: Көкірегі – сезімді, көңілі – ойлыға бәрі анық.

Өмірлік мақсаты: Болашақ ұрпаққа сапалы білімді жеткізу!


Махамбетов Асхат Санабайұлы

“Bilge Aqtobe” аймағының директоры. 30.10.2017-28.11.2018 ж.  

Рауль Айтбаев Ертөстікұлы

Bilgen Robotics жобасының менеджері.

Байланыс телефондарымыз:

87001901604

87071901604

87089831604

adminBilge Aktobe