BILGE Халықаралық Интеллектуалды Дамыту және Менталды Арифметика Мектебінің негізі 2016 жылы наурыз айының 24-ші жұлдызында Түркістан қаласында қаланды. Ұстанымы – ақылды, білгір, кемеңгер ұрпақ тәрбиелеу. 2017 жылдың қыркүйек айында BILGEN (Bil-Білімді Gen-Ұрпақ) ұлттық авторлық методика және бағалау орталығы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы жеткіншектерге қосымша білім беру курстары мен түрлі білім сайыстарын ұйымдастыру мақсатында құрылды. 2017 жыл қыркүйек айынан бастап еліміздің барлық облыстарында BILGE орталығының филиалдары ашылды. Әр обылыстағы методикалық орталықтар Білім басқармаларына қарасты мектептермен тығыз байланыс орната отырып жұмыс жасауды бастады. 2018 жылы орталықтың атауы BILGE халықаралық-инновациялық шешімдер орталығы болып өзгертілді.

       BILGE халықаралық-инновациялық шешімдер орталығы бес айқын қағида арқылы жұмыстарын  сатылай жүзеге асырады. 

  • Қолжетімділік
  • Цифрландыру
  • Дамыту
  • Өзектілік
  • Шарықтау

   Жалпы мақсаты: ауыл балалары мен қала балаларының білімдерін теңестіру және қашықтықтан оқыту арқылы шалғай аймақтағы балалардың білім деңгейін  көтеру.

   Қолжетімділік. Қазіргі ақпараттық қоғам білім беру жүйесіне заманауи талаптар қояды. Сол себепті, оқу жүйесіне оңтайланған жаңа бағдарламалар, оқытудың неғұрлым тиімді құралдары мен әдістері енгізілуде. Дегенмен, бұл жаңартулар мен өзгерістер баршаға бірдей дәрежеде қолжетімді емес екені баршаға мәлім.  Жасалып жатқан жобалар мен сайыстар шалғай аймақтарда орналасқан ауыл балаларының білімдерін жетілдіріп, жан-жақты дамуларына негізделген. Интернет желісінің қарқынды дамуы – білімнің барлық салаларында жедел ақпараттық ағындардың көбеюіне, білім берудің тиімді және бейімделген жүйелерінің пайда болуын талап етеді.  “BilGen Academy” платформасы білім берудің әлемдік және отандық жүйесіне негізделе отырып, қашықтықтан білім берудің жетілдірілген сатысын ұсынады. Ауыл балаларының өз бетімен білім алып, ізденуге деген құлшыныстарын арттыру мақсатында, онлайн және офлайн режиміндегі жобалар жасалуда. Оқушылар мектеп білімімен ғана шектеліп қалмай, әртүрлі сайыстарда бақтарын сынап, дүниетанымдарын жан-жақты дамыта алады. Bilge орталығының негізгі мақсаты – аталған мүмкіндіктерді қолжетімді және баршаға бірдей дәрежеде ұсыну.

Цифрландыру. Қазіргі заманғы сандық технологиялар – бұл құрал ғана емес, сонымен бірге жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын тіршілік ету ортасы: кез-келген ыңғайлы уақытта оқыту, үздіксіз білім алу бағыттарын жобалау мен таңдау мүмкіндіктері. Осындай инновациялық жаңартулармен білім жүйесінің қамтамасыз етілуі – қоғамның цифрлық дәуірге көшуінің белгісі. Осы ұстанымды негізге ала отырып, Bilge орталығы электронды кітаптар жиынтығын қамтитын “Bbook” мобильды қосымшасын ұсынады. Аталған қосымшада білім беру жүйесіне кіретін барлық оқулықтардың цифрландырылған нұсқалары әзірленген. Жаңа ақпараттық және педагогикалық технологияларға сүйеніп жасалған мобильді қосымша оқушылардың қажеттіліктеріне барынша икемді, қолдануға жеңіл әрі тиімділігімен ерекшеленеді. Оқушының зейінін қызықты аудио, видеожазбаларымен оқуға аударып, жаңа тақырыпты қабылдау деңгейін айтарлықтай дәрежеде көтереді. Тапсырмалар мен ережелер біркелкілікпен сақтану мақсатында  ойын түрінде беріліп, баланың шашыраңқы ойының жинақталуына көмектеседі.

Өрлеу. Бүгінгі таңда техника мен ақпараттық технологиялардың дамуы үздіксіз зерттеу мен ізденісті қажет етеді. Енгізіліп жатқан жаңартулар мен инновациялық шешімдер кез-келген саланың дамып, жетістікке жетуіне септігін тигізіп жатыр. Осыған орай, қоғамға пайдалы, халықтың күнделікті тіршілігін жақсарту мақсатына бағытталған жобалардың өздіксіз өңделіп, жетілдіріліп тұру – жетістікке жетудің бірден бір жолы. Үздіксіз дамып жатқан қоғамда ескі ұстанымдар мен өзгеріссіз тұрған қағидалар ысырылып қалады. Сол себепті, заман талабына сай, көпшіліктің көңілінен шығатын және үнемі қолданыста болатын жобалардың ардайым жетілдіріліп, жаңа сатыға көтеріліп тұруы шарт. Бұл кезеңде алдыңғы кезеңдерде қабылданған жоспарлар мен шешімдердің нәтижелерін саралай отырып, болашақта жасалатын қадамдар ойластырылады. Аталған сатыдағы мақсаттарға жету үшін “Bbook” модильді қосымшасын жетілдіріп, болашақта толыққанды кітаптың функцияларын атқаратын, оқу режимінде көзге зиян келтірмейтін электронды кітап(планшет) жасау жоспарланған. Осы секілді, ағымдағы жағдайды үнемі бағалап, сыртқы ортаның мүмкіндіктері мен қауіптерін болжау туындаған өзгерістерге икемденуге мүмкіндік береді.

Өзектілік. Жоспарланған жұмыстың немесе жарық көрген жобаның жетістікке жетуіне біршама факторлар әсер етеді. Солардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі – қарастырылатын мәселенің өзектілігі. Кез-келген жоба қаншалықты жетілдірілген және ақпараттандырылған болып, бірақ оған қоғамда сұраныс болмаса және адамдарда туындаған мәселелерді шешпесе, бұл жобаны жетістікке жетті деп айта алмаймыз. Барлық жасалып жатқан жұмыс халықтың өмірін жақсартып, қоғамдағы келеңсіз жағдайлар мен туындауы мүмкін мәселелерді шешуге бағытталуы керек. Осыған орай, BilGen орталығы қарастыратын мәселелердің негізі – көнеден келе жатқан ұлттық құндылықты сақтай отырып, ақпараттық технологияларды оқу процесіне енгізуі. Заманауи техникалық оқу құралдарының шоғырлануы оқу үрдісін жаңғыртуға  ықпал етіп, оқушылардың ақыл-ой белсенділігін жетілдіреді, мұғалімдердің шығармашылығының дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, қашықтықтан оқытуға мүмкіндік береді және үздіксіз білім беру жүйесін дамытады. Орталықтың алдыға қойған мақсаттарының бірі – оқу процесін компьютерлендіру арқылы Отандық білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру.

Шарықтау. Кез-келген жобаны қорытындылау кезінде, көрсетілген нәтижелерді талдай отырып болашақта орындалатын жұмыстың сапасын жақсарту мақсатында тұжырымдар жасау керек. Мұндай талдаулар қабылданған шешімдердің артықшылықтары мен кемшіліктерін, жобаның қоғамда алған рөлі мен тигізген әсерін толықтай зерттеп, қолданушылардан қажетті кері байланысты алуға мүмкіндік береді. “BilGenTech”,  . “BilGen HUB”,  “Bbook”, “BILGEN OYSANA” секілді BilGen орталығының жобаларының барлығы халыққа жаңа мүмкіндіктер ашып, ортамен тығыз байланыста болуға негізделген. Қоғамдағы өзгерістер мен негізінен білім беру жүйесіндегі жаңартуларды халыққа қолжетімді етіп, оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық дамуына мүмкіндік жасаймыз. Барлық жобалардың бас мақсаты – пайдалы әрі сапалы өнімді қоғамға ұсыну арқылы халықтың сенімін ақтап, тұрақты қолданушылардың қатарын көбейту

BILGE халықаралық-инновациялық шешімдер орталығының іске асырылған басты жобалары:

  1. Bilgen-academy. BILGE халықаралық-инновациялық шешімдер орталығының ұйымдастыруымен өтетін олимпиадалар мен курстардың платформасы. https://bilgen.academy
  1. Batyl bol. 2018 жылдың 1-ші наурызында негізі қаланды. Жеке спорттық ұйымдар мен мекемелерге баруға мүмкіндігі  жоқ, аз қамтылған отбасылардан (көпбалалы және толыққанды емес отбасылар және т.б.) шыққан 6-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған тегін әлеуметтік жоба.

     Мақсаты – барша балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулу және           салауатты өмір салтын насихаттау.

Аталмыш жоба одан бөлек  жеке кәсіпкерлік пен әлеуметтік әріптестіктің дене шынықтыру және спорттық нысандарын қолдау және дамытуға бағытталған.

Жобаның аясында атқарылып жатқан барша  іс-шаралар ішінде ұлттық-интеллектуалды спорттық ойынның түрі – тоғызқұмалақ зияткерлік ойыны басты нысанада.  Себебі ұлттық ойындарымыздың мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық мәні тым асқақ әрі тәрбие үрдісінде пайдалану өзектілігі басым.
Жоба спорттың 8 түрін қамтиды: тоғызқұмалақ, шахмат, қазақ күресінен , бокс, тхэквондо, еркін күрес, гимнастика және үстел теннисі.

  1. BilGe Tech цифрлы шешімдер орталығы. 2018 жылы шілде айында құрылды. Автоматтандыру және цифрландыру бағыты бойынша IT аудит жүргізетін мекеме. Мақсаты – IT білім беру кеңістігін қамтамасыз ету және оны болашақта еліміздің біріңғай заманауи цифрлық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен біріктіру және өңірдің индустриалды-инновациялық дамуына жол ашатын білім беру кеңістігін құру.

Негізгі қызметі : 111 сынып аралығындағы оқушылардың кең көлемдегі толық компьютерлік сауаттылықтарын және цифрлық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы кәсіби дағдыларын қамтамасыз ету. Цифрлық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолдану негізінде білім сапасын көтеруге және жаңа деңгейге сатылап өтуге жағдай жасау.

ІТ-стартаптар жаңа технологияларды әзірлеу мен оларды енгізу мәселесінде басты рөл атқаратынын ескерсек, бұл мектеп оқушыларының болашағы үшін жасалып жатқан батыл қадам. Осы тұста цифрландыру кәсіпорындар мен жалпы еліміздің бәсекеге қабі­лет­тілігін, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін қажет екенін атап өткен жөн.

  1. Bilge- production. Заңды тұлғаларға консалтингті қызмет ұсынатын ұйым. Мақсаты – кәсіпорындардың ғылыми-техникалық және экономикалық басқарушылықты жетілдіру үшін ұйымдық, коммуникациялық кеңес немесе көмек беру. Кәсіптік іс-шараларды ұйымдастыру мен дұрыс бағыт-бағдар беру арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттырып, нарық сұранысын қанағаттандыру.

Ұсынатын қызметтері:

  • Анимациялық-мультипликация, кинематография саласы бойынша түсірілімдер ұйымдастыру, қаржылық сипаттамасын есептеп, тиімді жолдарын ұсыну;
  • Кәсіпорындарға аудиттік тексеріс және қаржылық сипаттамасы тоқсандық кезеңдерге, бухгалтерлер басшылары мен мамандарына жедел кеңестер беру және тоқсан нәтижелері бойынша өткен жылға қорытынды жасау;
  • Салық, бухгалтерлік есептер жайлы кеңестер беру және басқарушылықтардағы қиындықтарды шешуге көмектесу;
  • Бухгалтерлік есептерді қалпына келтіру, бухгалтерлік есептерді жүргізу жайлы кеңестер беру;
  • Адвокаттық кеңестер беру, сотқа дейінгі заңдық қиыншылықтарды шешу;
  • Салық тәуекелдерді бағалау және салықтық төлем ақыларды жоспарлау.

НЕ ІСТЕЙМІЗ?

Біз өз ісінің шебері, жоғарғы білім иелерінің мамандары және сапалы жаттықтырушылар дан құралған командамыз. Біздің мақсат балалардың ақылын, абстрактылы ойлауын дәстүрлі және инновациялық әдістерді негізге ала отырып дамыту. Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау және ғылыми ізденіске құлшыныстарын, логикалық ойлау қабілетін арттыру, оқушыларды жеке жұмыс жане топтык жумыс жасауға, оқу жүктемелерін тиімді меңгеруге, катысушылардың бойына тән қасиеттерін пайдалана отырып, жеңіске жетуге үйретiп,бойында ұлттық діңі сақталған отаншылдық руxты кемел ұрпақ тәрбиелеу үшін және Қазақстан Республикасында білімнің беделін көтеру жолында жумыс жасаймыз!
adminБіз туралы