BILGE халықаралық ақыл-ой дамыту орталығы   «BILGEN   Tanym TOP» курсын ашуда.
Бұл курс 0-1 сынып оқушыларына арналған,  яғни 5-6 жастағы балаларды мектепке даярлау курсы.
Бұл топта білікті  және тәжірибелі мұғалімдер  жұмыс  атқарады.BILGEN  Tanym TOP курсында тілдің фонетикалық және графикалық жүйесін игерту мақсатында балаларды:сауатты жазуға, қатесіз оқуға, зейін  салатыңдай білуге, таза сөйлеуге үйретеміз.

        Әртүрлі ойындар мен логикалық тапсырмаларды пайдалана отырып, зерек ойлау қабілеттерін арттырып және өз еркімен тез, әрі оңай шешімдер қабылдай білуге балаларды дағдыландырамыз.BILGEN  Tanym Top курсында білім алатын оқушыларды саналы ой мен сапалы білім қалыптастыру мақсатында   сөздің дыбыстық құрылымын дұрыс үйретіп, дыбыстық талдауды меңгертеміз.BILGEN  Tanym Top курсы мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік және жеке басының дамуын қамтамасыз етеді. Олардың ынталарын қанағаттандырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтарға бейімдеу негізінде қабілеттерін дамытады.   5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлаумен қамтамасыз ете отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын игеруіне жағдай жасаймыз.

      BILGEN  Tanym Top курсының тағы бір ерекшеліктерінің бірі Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау. Қазақ және басқа ұлт өкілдерінің қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын ояту.

Оқытылатын пәндер: әліппе, математикалық сауаттылық.

   Қазақ тілі    және орыс тілінде оқытылады.

   Сабақтың ұзақтығы  2 сағат (120 минут).

adminBilGen TanymTOP